Некоторые чиновники комитета лесного хозяйства и животного мира изобличены в коррупции

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бағытында жиын өткізілді

05 қаз 2023, 06:29
1 mins read
1489
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бағытында жиын өткізілді
Қызылорда облысы ТЖД

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бағытында жиын өткізілді

 

 

Жуырда Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мәжіліс залында Қызыллрда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түйменовтың төрағалығымен жиын өткізілді.

Мақсаты: департаменттің тәрбие және идеологиялық бағыттағы іс-шараларын пысықтау.

Аталмыш жиынға «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» басшы құрамы қатысты. Жиын барысында «2024-2028 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің идеологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру тұжырымдамасын», «Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамына идеологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды», сонымен бірге  «Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамына тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ТЖМ 2022 жылғы 10 қарашадағы №184 бұйрығының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмысы жүргізілді. 

Жиын соңында аталмыш құжаттардың негізгі бағыттары бойынша жоспарланған және атқаратын жұмыстар талқыланды.

 

Қызылорда облысы ТЖД

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
14 қазан
13 қазан