

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымына (кадр, тәрбие, идеология бағыты бойынша) азаматтық қорғау подполковнигі Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы тағайындалды.
Жасұлан Қалдыбайұлы 1988 жылы Жаңақорған кентінде дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының түлегі.
Әр жылдары Алматы қаласы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының өртке қарсы нормалау бөлімінің аға инженері, өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасының техникалық нормалау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2017-2020 жылдар аралығында Жалағаш ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, 2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметін атқарды.
Қызылорда облысының
Төтенше жағдайлар департаменті