События

80 жастағы сала ардагері құттықталды

05 қаз 2023, 06:30
1 mins read
1213
80 жастағы сала ардагері құттықталды
Қызылорда облысы ТЖД

80 жастағы сала ардагері құттықталды

 

 

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Оразбеков Асхат Плалұлы мен Анықтау бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Беркімбаев Рүстем Бибосынұлы  сала ардагері Әмина Мұсаеваны 80 жас мерейтойымен және Халықаралық Қарттар күнімен құттықтады. Олар Әмина Мұсаеваға естелік сыйлық пен тәттілерді табыстады.

Әмина Мұсаева ұзақ жылдар бойы Өрт сөндіру қызметінде техникалық қызметкер, диспетчер болып еңбек еткен. Әмина Мұсаева 1943 жылы Қытай мемлекетінде дүниеге келген. 1960 жылдары Қазақстанға қоныс аударып, өрт сөндіру саласында 1970 жылдан табан аудармай еңбек етті. Биыл 80 жас мерейтойын тойлап отырған Әмина Мұсаеваның жан-жары да сала ардагері болған. Яғни, Мұсаев Әбдіуәли - Тасбөгет кентінің өрт сөндіру бөлімінің бастығы болыпабыроймен қызмет еткен. Ұлы Мұсаев Фархад N153 - әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші болып қызмет етті. Яғни, Қызылорда өңіріндегі өрт сөндіру саласында еңбек етіп, аянбай тер төккен құрметті әулеттердің бірі. Азаматтық қорғау саласының ардагері Әмина Мұсаеваға алдағыуақытта да зор денсаулық, отбасына амандық тілейміз.

 

Қызылорда облысы ТЖД

Баспасөз қызметі

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
12 қазан