

Тәртіпті мүлтіксіз сақтау - қызметтік міндетің!
✅ 2023 жылғы 6 қазанда Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің аппаратының қызметкерлеріне арналып «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, қызмет барысында қолданыстағы заң талаптарын сақтау, жол жүру ережесінің талаптарын сақтау, қызметте киім кию тәртібін сақтау» тақырыбында нұсқаулық-жиын өткізілді. Оған аудандық бөлімдердің басшылары бейнеконференциялық байланыс арқылы онлайн түрде қатысты. Аталмыш жиында идеология бағытында жоспарланған және атқаратын жұмыстар талқыланды. Қызметкерлер тарапынан аталмыш заңнама талаптарын сақтау тәртібі ережелері туралы әр түрлі сұрақтар қойылып, оларға жиын төрағасы - Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары Жасұлан Түйменов нақты жауап берді.
Қызылорда облысы ТЖД