Пресс-службы

Талдықорған қаласында полицейлер жеке тұрғын үйде 30-ға жуық есірткі сақталған жасырын орын тапты

06 қаз 2023, 15:05
1 mins read
812
Талдықорған қаласында полицейлер жеке тұрғын үйде 30-ға жуық есірткі сақталған жасырын орын тапты
ДП области Жетісу

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 3 келі 568 граммды құрады. Үйдің әр бөлігінде, яғни, аулада, бақшада, сыртқы қоршауда және басқа жерлерде марихуана тығылған орындар табылды. Ер адамның психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша жүргізілуде. Ұсталған ер адам, оның денсаулық жағдайы ескеріле отырып, медициналық диспансерге орналастырылды

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

08 қазан
07 қазан