Получать пенсию в Монголии смогут казахстанцы

Сырдария ауданының Төтенше  жағдайлар бөлімінің бастығы тағайындалды

09 қаз 2023, 14:57
1 mins read
952
Сырдария ауданының Төтенше  жағдайлар бөлімінің бастығы тағайындалды
Қызылорда облысының ТЖД

Сырдария ауданының Төтенше  жағдайлар бөлімінің бастығы тағайындалды

 

 

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығының  бұйрығымен  Сырдария ауданының Төтенше  жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына азаматтық қорғау майоры Шарафадинов Қанат Шарафадинұлы тағайындалды.

Қанат Шарафадинұлы 1991 жылы 13 тамызда Сырдария ауданындағы  Тереңөзек кентінде туған. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтын Өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етуде. Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Байқоңыр қаласы №13 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, Кәсіби даярлық мектебінің оқытушысы, аға оқытушысы, Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы,  Сырдария ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары, Қызылорда қаласы №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі, Қызылорда облысы ТЖД Кадр саясаты басқармасының бастығы болған.

Қанат Шарафадинұлына тағайындалып отырған лауазымына орай абырой тілейміз.

 

Сырдария ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
04 қазан
03 қазан
02 қазан