Интервью. Мнения

Облыс аумағында үлгілі үй иелері анықталды

15 қаз 2023, 18:34
2 mins read
1481
Облыс аумағында үлгілі үй иелері анықталды
Қызылорда облысы ТЖД

Облыс аумағында үлгілі үй иелері анықталды

        2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық кезеңінің басталуына байланысты тұрғындар арасында тұрмыстағы өрт оқиғаларының алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілуде.  

Соның бірі «Үлгілі үй» іс-шарасының ұйымдастырылуы.

ҚР Премьер-министрі бекіткен «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасының» негізінде қалалық «Аманат» партиясы және Қызылорда қаласының әкімдігіне қарасты тұрғын үй инспекциясымен бірлесіп, өрт қауіпсіздігі желісі бойынша «Үлгілі үй» іс-шарасы Қызылорда қаласы көлемінде ұйымдастырылды.

Мақсат - тұрғын үйде өрт оқиғаларын болдырмау, тұрғындардың өрт қауіпсіздігі саласындағы сауатын арттыру.

Аталған іс-шараның нәтижесінде өрт қауіпсіздігі желісі бойынша «Үлгілі үй» ретінде 5 көпқабатты тұрғын үй анықталып, олардың өкілдеріне арнайы алғыс хат пен естелік сыйлықты Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы табыстады.

Арал ауданында да аталмыш іс-шара жалғасын тауып,  «Үлгілі үй» ретінде 1 көпқабатты тұрғын үй анықталып, оның өкіліне арнайы алғыс хат табысталды.

Қазалы ауданы бойынша  Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесі N192 үйдің тұрғыны Дайрабаева Людмила мен Қарасақал Ерімбет көшесі N92 үйдің тұрғыны Балтабай Зейнеш «Үлгілі үй» иесі номинациясымен марапатталды. ​Қармақшы ауданы бойынша аталмыш байқау ұйымдастырылып, Байқоңыр қаласындағы  7 «А» шағын ауданында орналасқан №4 көп қабатты тұрғын үйдің пәтер иелері кооперативінің маманы Жанасылов Ертай марапатталды.

Жалағаш ауданы бойынша Т. Үркімбаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй тұрғыны Бағила Іздібаева «Үлгілі үй» байқауына белсене қатысып, жылу беру маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында   жүйелі жұмыс жасап, үздік нәтиже көрсеткені үшін Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Еркін Назарқұловтың алғыс хатымен марапатталды.

Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі де тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарын түсіндіруде, төтенше жағдайлардың алдын алу жұмысын жүргізуде. Олар да аудан көлемінде«Үлгілі үй» байқауын ұйымдастырды. Байқаудың нәтижесінде Тереңөзек кентіндегі А.Алиакбаров көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің жылу беру маусымына дайындығы жоғары бағаланды және өрт қауіпсіздігі ережесін бұлжытпай сақтаушы ретінде танылды. Осылайша байқау қорытындысы бойынша аталмыш тұрғын үйдің иесі О. Күлекешова жеңімпаз атанып, оны Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қанат Шарафадинов арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Шиелі ауданы ТЖБ мамандары да осы байқауды ұйымадстырды, нәтижесінде Көк шоқы мөлтек ауданы Нус көшесі №31 көп қабатты тұрғын үйдің тұрғыны Жадыра Әлімбетова алғыс хатпен марапатталды.

Жаңақорған ауданы бойынша да аталмыш байқау ұйымдастырылды, алайда, «Үлгілі үй» номинациясына сай болатын көп қабатты тұрғын үй табылмады.

Жоғарыда атап өткен іс-шаралардың маңызы зор. Иә,  әрбір тұрғын, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері қоршаған ортаның тазалығы мен өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтаған жайдайда ғана оқыс оқиға мен төтенше жағдайлардың алдын алатыны сөзссіз.

 

Қызылорда облысы ТЖД

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
12 қазан