NewsHub.kz - Информационный хаб

Студенттердің қауіпсіздігі – басты назарда

15 қаз 2023, 18:38
1 mins read
1947
Студенттердің қауіпсіздігі – басты назарда
Қызылорда облысы ТЖД

Студенттердің қауіпсіздігі – басты назарда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп, «Білім беру ортасының қауіпсіздігі, терроризм мен экстремизм идеологиясына қарсы тұру» тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

Жиында оқу орнының білім алушыларына «Терроризм деген не? және одан қорғалу іс-әрекеттері», «Эвакуация кезіндегі әрекеттер» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Кездесу барысында университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай оқу орында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалғанын айтты. - Жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру иммунитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру – басты міндеттердің бірі болып саналады. Университетте қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйесі, турникет, хабардар ету жүйесі, дабыл түймелері іске қосылған, – деді Жандос Нұртайұлы.

Сонымен қатар, осы іс-шараға ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің, Терроризмге қарсы жұмыстар және әскери-жұмылдыру қызметінің өкілдері, ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері азаматтық қорғау капитаны Асылхан Мейрамбеков қатысты.

Қызылорда облысының ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасы

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
08 қазан
07 қазан