Новости

Алматы-Өскемен тас жолында ер адамды көлік қағып өлтірді

16 окт. 2023, 12:48
1 mins read
860
Алматы-Өскемен тас жолында ер адамды көлік қағып өлтірді
полиция, ДТП, авария

Оқиға 14 қазанға қараған түні Алакөл ауданында болды. Mercedes Benz 519 CDI автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен тас жолының 524 шақырымында жолда отырған ер адамды қағып кеткен. Тәртіп сақшылары марқұмның түнгі уақытта жол бойында болу себебін анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Жетісу облысының полицейлері азаматтарды жолдарда мұқият болуға, Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелері мен жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
14 октября
13 октября