Ушел из жизни народный писатель Мухтар Шаханов

Жетісудағы ЖКО-да тоғыз адам зардап шекті

16 қаз 2023, 13:04
1 mins read
910
Жетісудағы ЖКО-да тоғыз адам зардап шекті
ДП области Жетісу

ЖКО 14 қазанда Еңбекшіқазақ ауылының жанындағы Балпық-би - Мәмбет тас жолында орын алды. Оқиға орнынан ауруханаға жол апатына 9 қатысушы жеткізілді, олардың екеуі (екі көліктің жүргізушілері) медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді. Қалған 7-і дәрігерлердің бақылауында. Олардың ішінде 2011, 2018, 2019, 2021 жылы туған төрт кәмелетке толмаған бала бар.ЖКО фактісі бойынша бірқатар сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасалды. Екі көлік те арнайы автотұраққа орналастырылған.Өңір полициясы автокөлік құралдарының жүргізушілерін ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға тағы да шақырады. Сіздердің әрқайсыларыңыз автокөлікті басқара отырып, өз өміріңіз үшін ғана емес, сонымен қатар жолаушылар мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігі үшін жауап береді.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
12 қазан