В ООН посмертно признали нарушение прав оппозиционного журналиста Шарипа Куракбаева

Жетісу облысының Алакөл көлінде моторлы қайық, тор және заңсыз ауланған балықтарымен браконьерлер ұсталды

27 сәу 2023, 09:49
1 mins read
1122
Жетісу облысының Алакөл көлінде моторлы қайық, тор және заңсыз ауланған балықтарымен браконьерлер ұсталды

Жетісу полицейлері өңірдің балық шаруашылығы инспекторларымен бірлесіп Алакөл көлінің бассейнінде браконьерлікпен айналысқан 44 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған адам көрші Абай облысының тұрғыны болып шықты, одан тәртіп сақшылары 30 келі заңсыз ауланған көксерке балығын тәркіледі.

 

«Мемлекетке келтірілген залал 400 мың теңгеден астам. Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабында көзделген қылмыстық іс қозғалды (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу), заттай айғақ ретінде дараталшық тор мен моторлы қайық іске қоса тіркелді», – деді табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

 

Балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізілді, одан әрі жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
05 қыркүйек
04 қыркүйек
03 қыркүйек