Операторы сотовой связи будут передавать обезличенные данные об абонентах в госорганы

Текелі қаласында есірткі саудасына қатысы бар төрт күдікті ұсталды

05 мам 2023, 14:13
1 mins read
1069
Текелі қаласында есірткі саудасына қатысы бар төрт күдікті ұсталды

4 мамырда Текелі қаласында облыстық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері арнайы операцияны жүргізді. Полицейлер есірткі сатқан деп күдіктенген төрт ер адамды анықтап, ұстады.

 

«Ұсталғандарға есірткі сатты деген айып тағылып отыр. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тіркелген фактілер бойынша тергеу амалдары есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізуді көздейтін ҚР ҚК-нің 297-бабына (1,3-б.) сәйкес жүргізілуде», – деп хабарлады Жетісу облысы ПД ЕҚІҚІБ бастығы Мұрат Жұмабаев.

 

Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 30 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Олардың ішінде марихуана, гашиш және «синтетика» деп аталатын есірткі заттары бар.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
03 қыркүйек
02 қыркүйек