

28 ақпанда Талдықорған қаласына кіре берісте «Toyota 4Runner» автокөлігінің қатысуымен ЖКО орын алды. Жол апатынан 4 адам зардап шекті, олардың арасында жас нәресте және қарт әйел бар, зардап шеккен адамдар ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді.
Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны автокөлікті басқара алмай, оның аударылуына жол берген. Оқиға орнында жол көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін патрульдік полиция қызметкерлері жұмыстарын жалғастыруда.
Құрметті жүргізушілер, барлықтарыңыздан жол ережесін сақтауды және жылдамдық режимін асырмауды сұраймыз. Жол қауіпсіздігі талаптарын елемеу қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеледі.