

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында Астана қалалық Республикалық физика-математика мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін Ашық есік күнін өткізді. ЖАҰСО қызметкерлері балаларға кәсіпорын бойынша танымдық экскурсия өткізді. Оқушылар қолданылатын жол материалдарының сапасын анықтайтын сынақ зертханасына барды. Жылжымалы жол зертханасы балаларға ерекше әсер қалдырды. Жылжымалы зертхана ыңғайлы, өйткені ол сапаны бақылауда дәлдік пен жеделдікті қамтамасыз етеді, қалалық және далалық жағдайларда тез талдау жасауға мүмкіндік береді.
Ашық есік күні ЖАҰСО және РФММ арасындағы меморандум аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - балаларға жолдың жай-күйі қалай анықталатынын көрнекі түрде көрсету және болашақ мамандардың кәсіби бағдарлануына ықпал ету. Мүмкін олардың біреуі автожол мамандығын таңдайтын болар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ашық есік күнін өткізу Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы үшін дәстүрге айналуда.