

Алдын ала болжам бойынша, 29 жастағы Toyota Camry жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.Оқиға орнында 25-27 жас аралығындағы екі ер адам қайтыс болды. Тағы үш зардап шеккен адам жақын орналасқан ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды. Жол-көлік оқиға фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тек ағымдағы жылы өңірдің автожолдарында 429 ЖКО тіркелді, онда 125 адам қайтыс болды, оның ішінде 20 бала.