

Жол-көлік оқиғасы 24 сәуірде Көксу ауданында «Subaru Legacy» автокөлігінің қатысуымен болды. Алматы-Өскемен автожолының 190 шақырымында шетелдік көліктің жүргізушісі рульді басқара алмай, автокөліктің аударылуына жол берді.
Жол апатында әйел адам мен бүлдіршін бала мерт болды. Әр түрлі жарақаттармен тағы 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға жатқызылғандардың арасында үш кәмелетке толмаған балалар бар. Оқиға орнында полицейлер жұмысты жалғастырып, ЖКО мән-жайын анықтауда.
Жетісу облысының полициясы жол қозғалысына қатысушыларды Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жол қателікті кешірмейді. Жүргізушінің шамалы қателігі қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Есіңізде болсын, Сіздердің әрқайсыңызды жақындарыңыз үйде күтеді.