11 фактов распространения фейков о январских событиях расследует прокуратура

Талдықорғанда «Әйел және ақша» оқыту тренинг өтті

27 ақп 2023, 12:21
2 mins read
1158
Талдықорғанда «Әйел және ақша» оқыту тренинг өтті
РПП Области Жетісу

Қазақстанның барлық қалаларында «Solva» компаниясы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен «№1 Қаржылық сауаттылық мектебінің» қолдауымен «Әйел және ақша» оқыту тренингтерін іске қосты. Алғашқы осындай тегін тренинг Талдықорған қаласында өтті, оған өңірлік кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының өкілдері қатысты. Спикерлер ретінде «№1 Қаржылық сауаттылық мектебінің» басшысы Ақжүнис Брасилова, сондай-ақ басшының орынбасары Зарима Атабаева сөз сөйледі.

Тренинг әйелдер арасында қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында өтті.

Кәсіпкер әйелдер арасында бизнес жүргізудің қаржылық аспектілері, өз қаржысын қалай басқару, бюджетті жоспарлау, несие қаражатын сауатты пайдалану, өз ісін қалай тиімді басқару және өңірлерде өмір сүру сапасын арттыру туралы негізгі білімдерімен бөлісті.

«2022 жылы «Әйел және ақша» цикл аясында өткізілген тренингтер тек жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін ғана емес, өз бизнесін бастауды жоспарлап отырғандар үшін де зор қызығушылық танытып, нақты қажеттілік пен практикалық пайда көрсетті. Solva компаниясының әйел кәсіпкерлерді оқыту бастамасы өте уақтылы болды және біз осы үлкен жобаға қатысқанымызға қуаныштымыз. Биыл біз тренинг бағдарламасын өзекті тақырыптарды және практикалық бағыттылықты күшейтуді ескере отырып жаңарттық және жобаның өңірлердегі шағын және орта бизнесті дамыту саласында нақты пайда әкелетініне сенімдіміз», - деді Ақжүнис Брасилова.

«Осындай білім беру тренингтері кәсіпкер әйелдер үшін өте пайдалы. Көптеген пайдалы ақпаратты білдік, олардың тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылды, атап айтқанда – қазіргі уақытта өте танымал әлеуметтік желілер арқылы тауарларды жылжыту. Алдағы уақытта да осындай іс – шараларды офлайн форматта өткізгіміз келеді», - деп атап өтті кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңесшісі Макира Қалиекова.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
10 қыркүйек
09 қыркүйек