

Жетісу еріктілері күн сайын полицейлермен бірлесіп рейдтік іс-шараларға белсенді қатысады. Сонымен қатар, олар қоғамдық тәртіпті сақтауға, жоғалған адамдарды іздеуге, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілетін іс-шараларға өз үлестерін қосуда.
Халықаралық еріктілер күні миллиондаған адамдарды біріктіреді, олар жақсы істерді жүректің қалауымен атқарып, жақындарына риясыз көмек көрсетеді. Мемлекет басшысы қоғамда шынайы патриотизмді қалыптастыруда ерікті қызметтің идеялары мен тәжірибелерінің белсенді таралуын, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның сенімді әріптестігінің маңыздылығын түсіне отырып, 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялады. Дәл осы қадам дамудың жаңа, одан да кең көкжиектерін ашуға мүмкіндік беретін кең ауқымды жұмысты бастады.
«Ерікті болу – ең алдымен өз елінің патриоты болу. Бұл адамгершілік құндылықтарды бәрінен жоғары қоятындардың өмір салты. Сіздің жанқиярлығыңыз бен кез-келген бұзушылыққа бей-жай қарамау артықшылығыныз полиция қызметкерлеріне құқық бұзушылықтарды алдын алуға, ауылдар, аудандар, қалалар, облыс және жалпы ел тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бірнеше рет өз септігін тигізді», – деп атап өтті Жетісу полициясының басшысы Арман Саданов.