Из Астаны, Алматы и Караганды могут запустить новые авиарейсы в Китай

Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып өлтірді

03 мам 2023, 15:34
1 mins read
986
Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып өлтірді

Аталған факт 3 мамырда Талдықорған қаласының Көктал шағын ауданында орын алды, онда 3 жасар бала «ГАЗ-53» жүк көлігінің астында қалды. Бала оқиға орнында қайтыс болды.

 

Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтауда, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

 

Құрметті ересектер, Жетісу облысының полициясы Сіздерді өз балаларыңызға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Бүлдіршін балалар жолдың қаншалықты қауіпті екендігін түсінбейді. Балаңыздың бойында өзін-өзі сақтау сезімін сіңдіру және оларға жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға үйрету тек Сіздің қолыңызда. Балаларға қамқор болыңыз!

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
07 қыркүйек