Отырар аудандық орталық ауруханасының оңалту орталығына мидың артерияларының тромбозынан туындаған инфаркті диагнозы қойылған науқас жоспарлы емге қабылданды. Қазіргі таңда науқасқа МӘМС аясында қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Дәрігер-реабилитолог Мақсат Әлімханұлының айтуынша, орталықта жылына 264 науқас екінші деңгейлі реабилитациялық ем қабылдайды.
Орталықта науқастарға келесі қызметтер көрсетіледі:
Реабилитолог және логопед кеңесі
Логопед сабақтары
Электрофарез, магнитотерапия, парафинотерапия
Массаж
Емдік дене шынықтыру
Осылайша, орталық науқастардың тезірек қалыпқа келуіне және өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді қолдау көрсетеді.