NewsHub.kz - Информационный хаб

МӘМС: Алғаш рет жүкті әйелге электрокардиостимулятор орнатылды

Yesterday, 12:25
1 mins read
207
МӘМС: Алғаш рет жүкті әйелге электрокардиостимулятор орнатылды
МӘМС

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында жүктіліктің 32 аптасында электрокардиостимулятор сәтті орнатылды.Бұл ота МӘМС аясында жасалды.

2025 жылдың 26 маусымында Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында ерекше әрі маңызды медициналық оқиға орын алды. Жүктіліктің 32 аптасында болған әйелге алғаш рет тұрақты екі камералы электрокардиостимулятор (ЭКС) сәтті имплантацияланды.

Науқасқа толық III дәрежелі АВ-блокада диагнозы қойылған болатын. Бұл — жүрек ырғағының ауыр бұзылысы, мұндай жағдайда жүрек өздігінен қалыпты жұмыс істей алмайды. Әсіресе жүктілік кезінде бұл дерт ана мен іштегі сәбидің өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді. Бұрын мұндай күрделі жағдайлар республикалық ғылыми орталықтарға жіберілетін. Алайда бұл жолы қажетті ота Түркістанда жасалды.

Операцияны Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының кардиологиялық және хирургиялық бөлімдері жоғары деңгейде ұйымдастырып, жүзеге асырды. Сонымен қатар отаның сәтті өтуіне Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының интервенциялық аритмологы Паринбекова А.Б. арнайы шақырылып, белсене қатысты.

⏱️ Ота ұзақтығы – 35 минут. Медициналық бригада бірлесе әрекет етіп, асқынусыз, кәсіби деңгейде ота жүргізді. ? Нәтиже — оң: жүктілік сәтті жалғасуда, ал пациенттің жалпы жағдайы тұрақты.

Бұл ота Түркістан өңірінде кардиология саласының даму қарқынын және облыстық аурухананың күрделі медициналық көмекті жергілікті деңгейде көрсете алатын әлеуетін көрсетіп отыр. Ана мен баланың өмірін сақтап қалу — дәрігерлердің кәсібилігі мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday