МӘМС жүйесі бойынша жұмыс жасап жатқан жеке меншік медициналық ұйымдардың бірі – «Даниямед» отбасылық емханасының директоры Бағила Сайлаубекқызымен МӘМС жүйесі бойынша көрсетілетін медициналық қызмет сапасының артуына байланысты сұхбаттасқан болатынбыз.
-Бағила ханым, медицина саласында қанша уақыттан бері қызмет атқарып келесіз? Бұл мамандықтың қызығы мен қиындығы қалай?
- Жалпы, медицинада кездейсоқ адам болмайды. Саланың қиындығына төзгендерге медицина нағыз өмірі. Дәрігерлікті бала кезімнен армандағанмын. Қиындығы - өмір бойы ізденесің, білімін аласың, барлық ресурстарыңды жұмсайсын, «зона комформадан» шықпайсың. Ал, қызығы- алған білімінді шеберлікпен пайдаланып, науқастардың ризашылығына бөленесің. Әр бір адамның тағдырына араласып, оның денсаулығын сақтауға септігін тигізу- үлкен бақыт. Кардиология саласында 21 жылдай тәжірибе жинадым. Оған қоса 14 жыл функционалды дигностиканы қосып алып келемін.
- «Даниямед» отбасылық емхана пациенттерге қажетті қандай жағдайлар жасалынған?
- «Даниямед» емханасы - медицина саласындағы жоғары сапалы медициналық қызметтерді ұсынады. Сонымен қатар,кардиология саласындағы диагностикаға мамандандырылған көпсалалы мекеме.
Ең алдымен науқасқа қамкорлық көрсетуге және қызметтің сапасына мән береміз! Мекемеде call орталық жұмыс жасайды. Сall орталыққа түскен қоңырауларға талдау жүргізіліп,науқаспен кері байланыс орнатылады. Науқастың қызметтің сапасына көңілі толмауына байланысты жолдаған шағымына жан-жақты талдау жүргізіліп, қателіктерді жою жұмыстары жүргізіледі.
-МӘМС жүйесінің енгізілуі медицина саласына қандай өзгерістер алып келді?
-МӘМС жүйесі медицина саласында едәуір өзгерістер алып келді. Мәселен, жоғарғы технологиялық медицицина қызметтер (ВТМУ) науқастарға қолжетімді. Бұрын-соңды жоғарғы технологиялық медицицина қызметтерге қол жете алмай кеткен науқастарды да көп кездестіретінмін. Порталды жылдап күтетін немесе сол операция үшін үйін, көлігін сатып, қызметті ақылы алуға мәжбүр болатын. Сонымен қатар, кәсіпкерлер арасында бәсекелестік артты. Жеке кәсіпкер өз қаражатынан жоғарғы технологияларды әкеліп, мамандарды оқытып, науқасқа қажетті жағдайды жасайды. Осынау бәсекелестіктің нәтижесінде медицинада сапа жақсарып келеді. Науқастың емхананы, дәрігерді еркін таңдауына құқық берілді.Яғни, науқас тіркелетін емханасын жақындығы, сапасы, қызметі немесе маман қажеттілігіне сай таңдауына болады.
-МӘМС жүйесі бойынша алатын қызметтің тәртібіне тоқталсаңыз...
- ТМККК қызметтері: жедел медициналық жәрдем, алғашқы медициналық санитарлық жәрдем (терапевт), мамандандырылған медициналық жәрдем- вич, туберкулез алдын алу. Ал, МӘМС жүйесі бойынша қызметтер көлемі кеңінен қамтылған бейінді мамандар кеңесі, скрининг, анализ, диагностиканың барлық түрлері, оның ішінде, МРТ, КТ, ЖТМҚ (ВТМУ) көрсетіледі. Сондықтан науқастарға ең алдымен денсаулықтың құндылығын алға қойып, сол МӘМС жүйесі арқылы қызмет алуды кеңес берер едім. Себебі МӘМС жүйесінің мүмкіншілігі көп.
-Емханада қажетті медициналық қызмет болмаса пациент не істеуі керек?
-Жалпы, КДҚ емханада 10 күн ішінде көрсетілуі қажет. Егер емханада белгіленген уақытта тиісті маман жоқ немесе қызметті көрсетуге мүмкіндігі болмаса, онда науқасты 10 күн ішінде бірлесіп орындаушы мекемеге жолдауы тиіс. Қордың базасында бірлескен орындаушы ретінде енгізілген науқастың таңдауымен мекемеге жолдауы қажет.
-Тұрғындар арасында жоспарлы ем алуға қатысты сұрақтар кездесіп жатады. Бұл жөнінде қандай мәселелер бар?
-Негізінен шағымдардың 25% науқасты жоспарлы емдеуге жатқызу. Мәселен, порталда күту уақыты ұзарып кетеді, өңірлік немесе республикалық ауруханалар порталын жабады, түрлі технологиялық ақаулар орын алады. Бірақ цифрлік статистикаға жүгінсек, порталдың орташа күту мерзімі- 3 аптадан аспайды. Қазіргі таңда науқасқа автоматты түрде смс хабарлама келеді. Жоспарлы госпитализация орны және уақыты көрсетіледі. Не болмаса науқас өзі арнайы бюро госпитализация сайтына кіріп, өзінің ЖСН енгізіп, госпитализацияға қатысты ақпаратты алса болады.
-Ауыл тұрғындары үшін ем алу процессі қалай жүреді? Қалада жағдайы жасалған емханаға барып емделгісі келетін науқастар үшін қандай кеңес бересіз?
-Мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарына МӘМС және ТМККК пакеттері арқылы қызмет көрсету ережелері бірыңғай. Ескеретіні науқас тіркелетін емхананы жақын аймақтан таңдағаны дұрыс. Егер бейінді маманның қажеттілігі болса, жолдамамен қаладағы медициналық ұйымдардан қызмет алса болады.