У здания суда в Астане сломался подъемник, женщина в коляске упала на бетон

«Халықаралық еріктілер күні»

04 жел 2023, 09:06
1 mins read
1787
«Халықаралық еріктілер күні»
Қызылорда облысч ТЖД

«Халықаралық еріктілер күні»

 

 

2023 жылғы 2 желтоқсанда Қызылорда қаласындағы «Жастар ресурстық орталығында» «Халықаралық еріктілер күніне» орай салтанатты  іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Жедел-құтқару жасағының, Қызыл Жарты Ай қоғамының Қызылорда облыстық филиалының, Қызылорда облысының полиция департаментінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының,  «Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының, «OSTOD» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, «Кызылординские вести» газетінің тілшілері  қатысты.

Іс-шараның мақсаты - Халықаралық еріктілер күні қарсаңында еріктілерді құрметтеу.

«Қызылорда еріктілері» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Чебакованың айтуынша: Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментімен еріктілер арасында тығыз байланыста жұмыс жүруде.  Департамент ұйымдастыратын профилактикалық жұмыстарға, төтенше жағдайлар мен оқу-жаттығулар кезінде еріктілер де жұмылдырылады.

Аталмыш салтанатты іс-шараға Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы да қатысты. Ол іс-шара барысында еріктілерге марапаттарын табыстап, алдағы уақытта да қызметтеріне абырой тіледі.

 

Қызылорда облысының

Төтенше жағдайлар департаменті

  

 

 

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday

Соңғы жаңалықтар

10 қараша