

Жол-көлік оқиға Ескелді ауданында орын алды, онда Алдабергенов ауылының жанындағы автожолда Тойота Прадо мен Тойота Камри соқтығысқан. Оқиға орнында жеңіл автокөлікті басқарған 47 жастағы ер адам қаза тапты. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жолаушысымен бірге аудандық ауруханаға ауыр дене жарақаттарымен жеткізілді.
Өлімге әкеп соқтарған апатының мән-жайы анықталуда.
Жетісу полициясы жүргізушілерді ҚР Жол ережелерін ескеріп, рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.