

Оқиға орнынан Үшарал қаласындағы ауруханаға түрлі жарақаттармен жүргізуші мен 1965, 1988, 2001 жылы туған үш әйел ауруханаға жатқызылды, олардың бірі реанимацияда қайтыс болды.Полицейлер жол апатының барлық жағдайларын анықтауда. Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлімінде (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) көзделген тергеу амалдары басталды.Ағымдағы жылғы талдауға сәйкес, Жетісу облысы арқылы өтетін «Алматы-Өскемен» автожолының учаскесінде 80 ЖКО орын алды, онда 50 адам қаза тауып, 160-тан астам адам түрлі жарақат алды.