

Қызметтік-әскери тәртіпті нығайтудағы идеологиялық және тәрбие жұмысының басым бағыты» жөнінде оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды
Аталмыш жиынды Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары-кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы Жасұлан Қалдыбайұлы Түйменов ашты.
Әдістемелік жиынның мақсаты – қызметкерлер арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, қызметтік этика мен білім-біліктілікті шыңдау, ұжымның ынтымағын арттыру.
Жиынға офлайн және онлайн режимде Қызылорда облысы ТЖД бөлімшелері мен мекемелерінің жеке құрамы қатысты.
Жиында баяндама жасағандар:
«Дін және заманауи қоғамы» тақырыбында Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Отызбаев Қайырбек Тоқтықбайұлы;
«Жол-көлік оқиғаларының, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың алдын алу» тақырыбында Қызылорда облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Әбжанов Руслан Әлиәкімұлы;
«Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» ұлттық құрылтайының екінші отырысында сөйлеген сөзіне түсініктемесі» тақырыбында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары - Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы Жасұлан Қалдыбайұлы Түйменов;
«Тұрмыстағы зорлық-зомбылықты болдырмау, оның алдын алу» тақырыбында Қызылорда қалалық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторлары полиция капитаны Ерболат Айгерім және полиция аға лейтенанты Жанахаева Нұргүл;
«Діни экстремизм» туралы Қызылорда облысының дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы-теолог Сарсенбайұлы Бақберген.
Сонымен бірге өзге баяндамашылар төмендегі тақырыптарды да тарқатты: «Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылаудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет», «Жанжал - суицидтік мінез-құлықтың алғы шарттары», «БАҚ-пен тиімді қарым-қатынас пен өзара әрекеттесудің заманауи әдістері», «Басқару әдебі», «Е-Өтініш жүйесіндегі азаматтардың өтініштері бойынша мәселелерді қарау», «Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру», «Терроризм актісін азайту және жою жөніндегі іс-шаралар», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру». Жиын соңында қатысушылар тарапынан мамандарға сұрақтар қойылып, аталмыш жиынды тоқсан сайын өткізіліп тұруы ұсынылды.
Қызылорда облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы