Как улучшить программу «Ауыл аманаты»: предложения бизнеса

Ашықтық пен қолжетімділік - полицияның басты қағидаттары

20 ақп 2023, 06:36
2 mins read
1329
Ашықтық пен қолжетімділік - полицияның басты қағидаттары

Жетісу облысы Полиция департаментінің басшысы полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов апта сайын (бейсенбі күндері сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін) Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 91/95 мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады.

Қабылдауға алдын ала жазылу мына телефондар арқылы жүргізіледі: 8 (7282) 60-80-81, 60-80-17, 60-80-83. Департамент бастығы орынбасарларының азаматтарды қабылдауы күн сайын сағат 10-нан 12-ге дейін және сағат 16-дан 18-ге дейін жүзеге асырылады.

Шалғайдағы елді мекендерде тұратын және облыс орталығына келуге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін «Facebook» интернет-алаңында Департамент бастығының жеке парақшасы бар, онда кез келген адам өтініш жаза алады.

Сонымен қатар, барлық аудандық және қалалық полиция бөлімшелерінде, сондай-ақ облыстық Департаменттің өзінде азаматтарды қабылдау бойынша фронт-офистер жұмыс істейді.

«Фронт-офистердің жұмысы ашықтық  және қолжетімділік қағидаты бойынша құрылған. Яғни, қатаң рұқсатнамалық режимі, торлы терезелер мен есіктер жоқ. Барлық жағдай технологиялық стандарттарға сәйкес келетін жайлы залда келушілерді қарсы алады, бұл жерде полиция қызметкерлері қажетті кеңес беруге, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарды қарауға немесе азаматтардың өтініштерін қабылдауға дайын», - деп хабарлады Жетісу облысы Полиция  департаменттің Баспасөз қызметі.

Азаматтар фронт-офистер арқылы өздеріне қажетті ақпаратты, құқық қорғау органының қызметіне қатысты қандай да бір мәселелер бойынша заңгерлік кеңес ала алады.

«Әртүрлі полиция қызметтерінің тұлғалары Фронт-офистерде заңгерлік кеңес пен қажетті көмекті ұсынады. Көбінесе сұрақтар көші-қон және әкімшілік полиция саласына қатысты. Кейбір жағдайларда полиция қызметіне қатысы жоқ мәселелер бойынша көмек көрсетіп, қажетті жолдама береді», - деп толықтырды полицияда.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
05 қыркүйек
04 қыркүйек
03 қыркүйек