Казахстан ввел ограничения на границе из-за вывоза бензина в Россию

ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШ КҮН ІШІНДЕ АРНАЙЫ ТҰРАҚҚА 22 АВТОКӨЛІКТІ ОРНАЛАСТЫРДЫ

13 ақп 2023, 15:57
1 mins read
1640
ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШ КҮН ІШІНДЕ АРНАЙЫ ТҰРАҚҚА 22 АВТОКӨЛІКТІ ОРНАЛАСТЫРДЫ
МВД

Талдықорған қаласында 10-12 ақпан аралығында қалалық патрульдік полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шараны өткізуге бастамашылық жасады.

 

Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылды. Олардың ішінде алкогольдік мас күйінде көлік жүргізушілерін анықтау, сондай-ақ, автомобильдерді дұрыс қоймауға байланысты және жаяу жүргіншілердің жол жүру бөлігін кесіп өту кезінде жіберген бұзушылықтары бар. Яғни, жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыратын құқықбұзушылықтар анықталды.

 

«Үш күн ішінде патрульдік полицейлер 480 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. 4 мас жүргізуші ұсталды. Арнайы тұраққа 22 көлік қамалды. Сондай-ақ, 72 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды», - деді Талдықорған ҚПБ Патрульдік полицияның командирі Руслан Примжанов.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

13 қыркүйек
12 қыркүйек
11 қыркүйек
10 қыркүйек