

Жәбірленушінің айтуынша, ер адамдар одан 4 миллион теңге бопсалаған. Күдіктілер облыс орталығының тұрғындары, 1993 және 2004 жылы туған. Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 194-бабына сәйкес жүргізіледі (бопсалау). ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралар жүргізілуде.