Квартиру и автомобиль арестовали по делу о незаконной торговле вейпами

Осы аптада Жетісу полицейлері интернет-алаяқтық жасады деген сегіз күдіктіні ұстады

20 сәу 2023, 15:21
1 mins read
1518
Осы аптада Жетісу полицейлері интернет-алаяқтық жасады деген сегіз күдіктіні ұстады

Жетісу облысында интернет-алаяқтарды анықтау күшейтілді. Соңғы бірнеше күнде полицейлер сегіз күдіктіні ұстай алды, олардың төртеуі Қазақстанның басқа аймақтарынан жеткізілді.

 

«Барлық 8 факті интернет-ресурстарды пайдаланып жасалған алаяқтыққа жатады. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 2,5 миллион теңгені құрады.Күдіктілердің төртеуі Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы және Астана қаласынан жеткізілді, қалғандары біздің облыстың тұрғындары болып шықты», - деді Жетісу облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Журунов.

 

Жыл басынан бері облыста 165 интернет алаяқтық тіркелді. Әрбір факті бойынша тергеу жұмыстары ерекше бақылауға алынған.

 

Құрметті азаматтар, Сіздерді күмәнді қаржылық мәмілелерге жол бермеуге шақырамыз. Банктік шоттардағы жинақтарыңызды әрдайым тексеріп отырыңыздар. Сақ болыңыз және алаяқтардың айла-қулықтарына түсіп қалмаңыздар!

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
06 қыркүйек
05 қыркүйек
04 қыркүйек