

Жетісу облысының полиция қызметкерлері бала кезінен ауыр мүгедектікке шалдыққан 49 жастағы әйелге құжат алуға көмектесті.
Ақпан айының басында Алакөл аудандық полициясының көші-қон қызметіне Бескөл станциясының 49 жастағы тұрғыны туралы ақпарат келіп түсті, ол құжаттардың жоқ болуына байланысты мүгедектікті ресімдей алмай және тиісінше міндетті мемлекеттік жәрдемақыны ала алмай жүрген. Белгілі болғандай, әйел бала кезінен мүгедектікке шалдыққан және шынымен де жүріп-тұруға, өзіне қызмет етуге мүмкіндігі жоқ. Әйел үлкен әпкесінің отбасында тұрады және оның қарауында.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері тиісті органдарға сұраулар жолдап, қажетті анықтамаларды жинады. Жақында Фарида Мұхаметқалиеваның атына жеке куәлік дайындалып, тұрғылықты жері бойынша иесіне табысталды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бұл отбасына көмек көрсетуді жалғастыруда және 1-топтағы мүгедек әйелге қажетті құжаттарды жинауға көмектесуде. Тиісті құжаттармен оған мүгедектікке байланысты жәрдемақы төлене бастайды.