

Күдікті Алматының тұрғыны. Тергеу материалдарында әзірге бес Талдықорған тұрғыны бар. Ер адам қылмыстық мақсатта құрылыс материалдары мен түрлі дәнді дақылдарды сатып алу-сатуды жүзеге асыратын түрлі қосымшаларды қолданғаны анықталды. Яғни, әртүрлі мәмілелерде ол сатып алушы, делдал және сатушы ретінде әрекет етті. Бес дерек бойынша жалпы шығын 2 млн теңгеден асты. Тергеу барысында ұсталған адамның алаяқтыққа байланысты басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.