События

Полиция жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырады

07 сәу 2023, 15:11
2 mins read
1138
Полиция жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырады

Жетісу облысы полицейлерінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында «Есірткісіз болашақ» облыстық спорттық турнирі өтті.

Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен облыс әкімдігі бастамашылық еткен турнир Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде өтті. Жарысқа өңірдің 8 ауданы мен 2 қаласының командалары қатысып, төрт спорт түрінен – мини-футбол, волейбол, бильярд және үстел теннисінен бірінші орынға таласты. Командалардың атынан 14 пен 25 жас аралығындағы жастар қатысты.

«Бүгінгі күні есірткіні тарату және тұтыну бүкіл адамзат үшін ең өзекті мәселе болып табылады. Нашақорлық – халықтың денсаулығы мен ұлттық текке, экономикаға, құқықтық тәртіп пен мемлекеттік қауіпсіздікке өте қауіпті қатер. Бұл мәселені Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та атап өтті, ол өз сөзінде нашақорлықпен күресудің ең жақсы әдісі, әсіресе жастар арасында, оның алдын алу деді. Жастарды есірткіден алшақтатудың ең тиімді құралы - дене шынықтыру және спортпен шұғылдану. Біз жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз», - деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Талант Жұмабек.

Сондай-ақ Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Рысқұл мен Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Елдар Сапаров құттықтау сөз сөйледі.

Шағын футболда ең үздік деп Қаратал ауданының футболшылары танылды, екінші орынды Талдықорған командасы иеленді, үшінші орын Ескелді ауданының спортшыларына берілді.

Қыздар арасында волейболдан бірінші орынды Талдықорған қаласының командасы қанжылады, екінші орынға Кербұлақ ауданы командасы ие болды, үшінші орын Текелі қаласының командасына бұйырды.

Үстел теннисінде Талдықорған тұрғыны Мейіржан Толубаев жеңімпаз атанды. Панфилов ауданынан Саян Жүнісов оған сәл жеңіліп, Көксу ауданының спортшысы Тұрсынәлі Бектұрсын үшінші орынды иеленді.

Бильярдтан ерекше көзге түсіп, бірінші орынды Ілияс Сағымбаев жеңіп алды. Екінші орын Қастер Қадырқанға, үшінші орын Ерлан Тәжібаевқа берілді.

 

Волейболдан жасөспірімдер арасында Ескелді ауданының командасы бірінші орынды, Талдықорған қаласы екінші орынды, Кербұлақ ауданы үшінші орынды иеленді.

Турнир жеңімпаздары дипломдармен, кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
11 қараша
10 қараша