Первый отряд казахстанских миротворцев вернулся с Голанских высот

Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өткізілді

15 нау 2023, 07:03
1 mins read
1350
Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өткізілді

Облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған «Ведомствоаралық жұмыс тобының» отырысы өтті.

Кездесуге Ведомствоаралық жұмыс тобының төрағасы Айнұр Мейрханова, өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Дәурен Оңалбаев, кәсіпкерлер, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысты.

Күн тәртібінде біздің қоғамда маңызды бағыт болып табылатын, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар мәселелер қаралды. Мемлекеттік қызметтер бизнес қауымдастықтары үшін қолжетімді және оңай алынуы маңызды. Қатысушылар өз кезегінде Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелерінен өз сұрақтарына толық жауаптар мен түсініктемелер алды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы проблемалық мәселелер айқындалып, осы саласын жетілдіруге бағытталған тиісті ұсынымдар әзірленді.

Айта кетсек, жұмыс тобының басты мақсаты - қоғамның мемлекеттік аппаратпен өзара іс-қимылын жандандыру, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыру, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жетілдіру болып табылады.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
02 қыркүйек