26 сәуірден бастап Жетісу облысының автожолдарында орнатылған «VIDAR» автоматты тіркеу жүйесінің камералары штаттық режимде жұмыс істей бастайды. Жол қозғалысына қатысушыларды ақпаратты назарға алуға және ҚР Жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында қойылған «VIDAR» АТЖ рұқсат етілген ең жоғары жылдамдығы 40 км/сағ. аспайтын жаяу жүргіншілер өткелдері мен жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде, 60 км/сағ. елді мекендерде және т.б. жерлерде жұмыс істейді:
- «Алматы-Өскемен» тас жолының 253 км, 3-бөлімше, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ.;
- Талдықорған қаласы, 7 шағын ауданы, «ГазПром» ЖҚС, жылдамдықты шектеу – 60 км/сағ.;
- «Алматы-Өскемен» тас жолының 258 км, Пригородное ауылы, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ.;
- «Алматы-Өскемен» тас жолының 280 км, Сарыбұлақ с/қ, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ.;
- Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі, «RP» ЖҚС, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ.;
- Талдықорған қаласы, Абылайхан-Кивилев көшесі, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ.;
- Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, «ВИВА» моншасы, жылдамдықты шектеу – 60 км/сағ.;
- «Талдықорған – Үштөбе» тас жолы, Ынтымақ ауылы, айналма жолдың жанасуы, жылдамдықты шектеу – 60 км/сағ.;
- Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, жұқпалы аурулар ауруханасы, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ.;
- «Алматы-Өскемен» тас жолының 235 км, Мұқры ауылының жанасуы, «Қазавтожол» аркасы, жылдамдықты шектеу 110 км/сағ.