Правила кредитных историй могут изменить в Казахстане

Отандық тауар өндірушілерімен кездесу өтті

06 нау 2023, 05:48
1 mins read
1527
Отандық тауар өндірушілерімен кездесу өтті

Қолайлы бизнес ахуал құру мен инвестициялық тартымдылығын көтеру, мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеті болып табылады. Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында отандық тауар өндірушілерімен кездесу өтті.

Кәсіпкерлер қолайсыз факторларға шамадын тыс салық жүктемесін, коммуникация мен қаржыға қол жетімсіздік, әкімшілік кедергілер, сондай ақ бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүддесін сақтамауды жатқызады. Мысалға, біздің облыс аймағында 5000 сауда орындарынан көп 27 сауда базарлары бар. Алайда, отандық тауар өндірушілер үшін жеңілдіктермен 100 орын ғана берілген, ол 2 пайыздан да азын құрайды.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау, жұмыспен қамтуды сақтап қалу мен экономикалық өсудің басты өлшемі болып табылады.
Өткен кездесу отандық тауар өндірушілердің нақты мәселелерін және оның шешілу жолдарын анықтауға арналған. Логистиканың қолжетімділігі, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілердің артықшылықтары және жеңілдіктер беру тетіктерін әзірлеу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге жұмыстар жасалып жатыр.
Жалпы аталған салада мемлекет тарапынан назар аударуды және шешуді талап ететін көптеген проблемалық мәселелер бар.

Логистиканың қолжетімділігі, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілер үшін жеңілдіктер мен артықшылықтар беру тетіктерін әзірлеу мәселелерінде ұсыныстар енгізу мәселесі пысықталуда.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
07 қыркүйек