Медиков в Казахстане могут застраховать от нападений на рабочем месте

Жетісу облысында есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыпты жұп ұсталды

07 нау 2023, 15:50
1 mins read
1359
Жетісу облысында есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыпты жұп ұсталды

Талдықорғанда облыстық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, кезекті есірткі сататын нүктені жойды. Полицейлер есірткі саудасына күдікті ерлі-зайыптыны ұстады.

 

«Ерлі-зайыптылар өсімдік тектес есірткі заттарын таратуға және сатуға күдіктенеді. Ерлі-зайыптылардың екеуі де жалпы салмағы шамамен 10 грамм болатын гашиштің екі дозасын сату кезінде ұсталды. Фактілер бойынша тергеу амалдары  жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауда отыр», – деді Жетісу облысы  ПД ЕҚҚІБ  бастығы Мұрат Жұмабаев.   

 

Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 23 кг түрлі есірткі тәркіленді. Есірткі саудасына 8 күдікті адамдар  ұсталды.

 

Құрметті азаматтар, біз Сіздерді есірткі саудагерлеріне қарсы іс-әрекеттерді біріктіруге шақырамыз. Егер Сіздердің біреулеріңізде есірткі сатушы туралы ақпарат болса, дереу полицияға 8 705 345 99 03 телефон арқылы немесе 102 хабарлауыңызды сұраймыз. Тек әрқайсыңыздың қатаң ұстанымыңыз және құқық қорғау органдарына қолдау көрсету Жетісу облысында есірткінің таралмауына көмегін тигізеді.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
14 қыркүйек
13 қыркүйек
12 қыркүйек