

Сабақтар экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстардың алдын алуға, соның ішінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалардың алдын алуға бағытталған. Сондай-ақ мектеп оқушыларына лаңкестік қауіп төнген жағдайда әрекет ету алгоритмі түсіндіріледі. Жалған терроризм – жай бұзақылық емес, қоғамдық тәртіпке қол сұғатын қауіпті қылмыс. Әрбір жалған қоңырау немесе хабарлама бейбіт тұрғындар арасында үрей тудырып, барлық уәкілетті органдар мен маңызды кәсіпорындардың жұмысының тоқтауына себеп болады. Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген (Қылмыстық кодекстің 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау»).