В Казахстане запланированы учения ОДКБ в 2026 году

Талдықорғанда синтетикалық есірткі өлшеммен оралып сақталған пәтер анықталды

28 февр. 2023, 12:08
2 mins read
1230
Талдықорғанда синтетикалық есірткі өлшеммен оралып сақталған пәтер анықталды

Арнайы операция өткізу барысында Жетісу полицейлері Талдықорған қаласында есірткі өлшеммен оралып сақталған пәтерді анықтады. Заңсыз қызметті ұйымдастырып, есірткі таратқаны үшін пәтерді жалға алған 21 жастағы бойжеткен қыз күдікті болып табылады. Нәтижесінде, полиция «Мефедрон» және «Жылдамдық» деп аталатын 2 келіден астам есірткіні заңсыз айналымнан тәркіледі.

 

Күдіктіні ұстау операциясын облыс прокуратурасы қызметкерлерінің үйлестіруімен Жетісу облысы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талдықорған шағын ауданының бірінде жүргізді. Сол жерде изолентамен оралған 105 полимер орамдары, сондай-ақ ол алдын ала дайындап қойған тағы 40 «бетбелгі» тәркіленді. Пакеттердің  ішіндегі барлығы  синтетикалық есірткі болып шықты.

 

«Ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту кезінде құрамында ұнтақ пен ақ, қоңыр және көк түсті кристалдар түріндегі заттары бар 11 полимерлік пакет табылды, сонымен қатар, пәтерде 4 электронды таразы тәркіленді. Ұнтақ заты бар ыдыстар, түрлі тағамдық бояғыштары бар сықпалар, магниттер және дозаларды өлшеу мен дайындауда қолданылатын басқа да заттар табылды.

 

Жалпы, күдіктіден синтетикалық есірткі санатына жататын 2 кг 307,742 грамм «@PVP-pyrrolidinovalerophenone» және «мефедрон» есірткі заттары тәркіленді», - деді Жетісу облысы ІІД ЕҚҚІБ бастығы Мұрат Жұмабаев.

 

Күдікті қамауға алынды. Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-тармағының 3-бөлігіне сәйкес (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізу) жүргізіледі. Қылмыстық іс шеңберінде полицейлер синтетикалық есірткі жеткізу арнасын және оған қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыруда.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
06 сентября
05 сентября
04 сентября