На заводе в Аксу трое рабочих получили ожоги, один в реанимации

Жетісу облысында тергеу бөлімшелерінің құрылған күнін мерекелеу құрметіне ұйымдастырылған суреттер байқауының жеңімпаз бүлдіршіндері анықталды

06 нау 2023, 16:01
1 mins read
2760
Жетісу облысында тергеу бөлімшелерінің құрылған күнін мерекелеу құрметіне ұйымдастырылған суреттер байқауының жеңімпаз бүлдіршіндері анықталды

Жетісу облысы полициясының тергеу бөлімшелері кәсіби мереке қарсаңында балалар суреттерінің байқауын ұйымдастырды, онда тергеушілердің, анықтаушылардың және криминалистердің балалары қатысты.

 

«Байқауға 3 жастан 10 жасқа дейінгі балалар қатысты. Қойылатын талап – полицей-тергеушінің бейнесін суреттерде көрсету білу және жеткізу. Қазылар алқасы мұндай көп шығармашылық жұмыс болады деп күтпеген еді, олардың ішінен тек 3 суретті таңдау қиынға соқты. Ұсынылған жұмыстардың әрқайсысы жақсы сапасымен ерекшеленді және терең ой-мағынаны білдірді. Комиссия шешімімен үш жүлделі орыннан басқа «Жас суретші» номинациясы белгіленіп, Гран-при жеңімпазы анықталды», – деп атап өтті облыстық тергеу басқармасы бастығының орынбасары Самал Арғынғазинова.

 

Жас суретшілер байқауында облыстық Департаменттің тергеушісі А. Тынысбаевтың ұлы - Әлібек Әскербеков үшінші орын алды. Екінші орынды Қаратал аудандық полициясының тергеушісі Ж. Сыдықовтың қызы Аяжан Сүндетпай иеленді. Жедел-криминалистикалық басқарманың криминалисті Арина Бейсенқұлованың інісі Ильяс Бейсенқұл байқаудың жеңімпазы атанды. Гран-при Панфилов аудандық полициясының тергеушісі А. Түралинаның 9 жасар қызы Аиша Асетқызына бұйырды. «Жас суретші» номинациясы бойынша облыстық тергеу басқармасының жетекші маманы Айдана Демесинованың 4 жасар ұлы Әлихан Төлеубек үздік деп танылды.

 

Жүлдегерлер полиция департаменті бастығының грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

«Мұндай шығармашылық іс-шаралар жас дарындардың талантын ашып қана қоймай, олардың бойында отансүйгіштік сезімін оятып, полиция қызметіне бала кезінен құрметпен қарауға мүмкіндік береді», – деді С. Арынғазинова.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
12 қыркүйек
11 қыркүйек
10 қыркүйек
09 қыркүйек