

24 ақпан мен 13 наурыз аралығында Жетісу облысының аумағында «Браконьер» профилактикалық іс-шара жүргізіледі, оның шеңберінде полиция қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасы желісі бойынша іс-қимылдарды жандандырады. Іс-шара экологиялық қылмыстарды ашуға, объектілер мен биологиялық ресурстар өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесуге, сондай-ақ басқа да бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.
Аталған жұмысқа барлық полиция қызметкерлері жұмылдырылды, сондай-ақ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының қызметкерлері тартылды. Өңірде браконьерлік, балық ресурстары мен инертті материалдарды заңсыз өндіру, ағаштар мен бұталардың бағалы түрлерін заңсыз кесу және т.б. фактілерді анықтауға баса назар аударатын арнайы жедел-іздестіру топтары жұмыс істей бастайды. Өңірдің автожолдарында лицензиялық-рұқсат беру жүйесі (қару) желісі бойынша бұзушылықтарды анықтау мақсатында көлік құралдарын ішінара тексеруді жүзеге асыру жоспарлануда.