Жетісу облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжановтың бизнес қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтті.
Іс-шараға Жетісу облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев, өңірлік кеңестің төрағасы Римма Салықова және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Баниямин Файзулин қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты кәсіпкерліктің проблемалық мәселелерін және өзара іс-қимылдың жаңа форматын талқылау болды. Кездесу барысында Саян Ахметжанов агенттіктің кәсіпкерлікті қолдау бойынша қабылдаған шараларына тоқталды.
«Алға қойылған міндеттерге сәйкес біздің жанашыр қызметкерлеріміз тарапынан заңсыз араласудан қорғау тетіктері енгізілуде. Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге қатысты тергеу әрекеттерінің орталық аппаратымен келісу алгоритмі әзірленді. Тергеу әрекеттерін келісуден басқа, қашықтан онлайн-мониторинг арқылы кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратына кез келген негізсіз шақырулары қадағаланатын болады», - деп атап өтті агенттіктің Превенция қызметінің басшысы.
Кездесу қорытындысы бойынша адал кәсіпкерлікті қорғау басым бағыттардың бірі болып табылатыны атап өтілді.