В США закрыли еще один крупный банк

ДЕМЕУШІЛЕР КӨМЕГІМЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

04 жел 2023, 06:17
2 mins read
1174
ДЕМЕУШІЛЕР КӨМЕГІМЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
Департамент по связям с общественностью и ИСМ АО «КазТрансГаз Аймак»

Жезқазған қаласының іргесіндегі Қабанбай батыр ықшамауданы биыл табиғи газды тұтына бастады. Алайда, ауылдағы тұрмысы төмен бірқатар тұрғын үшін үйлерін табиғи газға қосу мүмкін болмағандықтан, оларға демеушілер көмек көрсетті.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ үсынысымен "Шұбаркөл премиум" компаниясы демеушілік көрсетіп, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар тұратын 12 үйді тегін газдандырды.

9ac41c14-f115-4e68-8e6c-e6a884120bf5.webp

Қабанбай батыр ауылының тұрғыны Галина Форштың отбасы демеушілерден көмек алғандардың қатарында. Кейуана немересімен бірге тұрғанымен, оның зейнетақысы үйді газбен қамтуға жеткіліксіз.

– Жаңалықты естігеннен бері біз де тізім қатарынан табылсақ деп ниеттендік. Биыл орталық жылу болмағандықтан, үй жылытқышты қостық. Оның бағасын уайымдағанымыз да рас. Бізді қиын жағдайда қалдырмаған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және «Шұбаркөл премиум» АҚ басшылығына алғысымыз шексіз, — дейді Галина Форш.

9ac41c40-c0ff-430f-b9d7-84c7e45e38df.webp

Газға тегін қосылған 12 отбасының тізімін Жезқазған қаласының әкімдігі ұсынды.

– Жезқазғанды газдандыру 2021 жылы іргелес кенттерден басталды. Талап кентінің тұрғындары көгілдір отынға бірінші болып қол жеткізді, бүгінгі күні мұнда 143 абоненттің 75-і газға қосылды. Жезқазған қаласы мен оған іргелес елдімекендер бойынша барлығы 2000 тұтынушы газға қол жеткізе алады. Қабанбай батыр кентінде 224 үйдің 211-і қосылған, - деп атап өтті "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қарағанды өндірістік филиалының Жезқазған газ шаруашылығы директорының міндетін атқарушы Дәулетжан Құдайбергенов.

Бұған дейін көмірмен жағылатын орталықтандырылған жылу желісіне қосылған Қабанбай батыр ауылы, қазандық ескірген соң, биылдан бастап толықтай газға көше бастады.

9ac41c5f-45f3-446a-8266-5e32a2e1ea69.webp

Табиғи газға қосылып, жылы үйде «көгілдір отынның» қызығын көре бастаған тұрғындар газ мамандарына ризашылықтарын білдіруде. Өз кезегінде «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының мамандары тұрғындарға газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертуде. Ол үшін тұрғындарға ережелер жазылған ескерту парақшалары табысталды.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
05 қараша