

Компьютерлік ойындарға белсенді қызығатын 29 жастағы ер адамда бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды.
Ақпан айында жәбірленуші интернет-қосымшалардың бірі арқылы «биік деңгейге жетілдірілген» виртуалды кейіпкерді сатып алуға шешім қабылдайды. 16 000 теңгеге сату туралы ұсыныс жасалынғаннан кейін, жәбірленуші аталған шотқа ақшаны аударған. Нәтижесінде, ер адам алданып, товардан да, ақшадан да айырылады.
«Белгісіз тұлғалардың әрекетінен алаяқтық белгілері байқалып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында мәміле бойынша «келіссөздер» еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындарының бірімен жүргізілгені анықталды. Осыған байланысты қазір оның тұрғылықты жері белгіленіп, қылмыстық істің материалдары аумақтылығы бойынша полиция бөлімшесіне жіберілді», – деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҚПБ.
Полиция азаматтарды күмәнді ақша операцияларын жүргізу кезінде сақ болуға шақырады. Сіздердің сенімділігіңізді пайдалана алатын алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмаңыздар.