Будущее за цифрой: каждый пятый товар в Казахстане будут покупать онлайн

Жетісу облысында жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған он автокөлік айыппұл тұрағына қамалды

27 Sep 2023, 13:47
1 mins read
952
Жетісу облысында жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған он автокөлік айыппұл тұрағына қамалды
ДП области Жетісу

Патрульдік полиция қызметкерлері облыстық көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп жол қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын азайту, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау кезінде жүргізушілер арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау. Жұмыс істеген бірнеше күн ішінде жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін бұзудың 24 фактісі анықталды. Құқық бұзушылар арасында жеңіл көліктің де, жолаушылар тасымалдайтын көліктің де жүргізушілері бар. Айыппұл тұрағына 10 автокөлік қамауға алынды. Патрульдік полиция қызметкерлері іс-шара аясында ҚР жол қозғалысы ережелерін сақтау тақырыбына және өңірдегі апаттың жай-күйі туралы мәліметтер көрсетілген брошюралар тарата отырып, түрлі мәселелер бойынша автокөлік жүргізушілеріне кеңес беріп жатқанын толықтырып айтты.Тәртіп сақшылары барлықтарыңызды жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
11 October
10 October
09 October