Осадки в виде дождя и снега ожидаются на большей части Казахстана

Астана қаласында тәулігіне 100 тонна қоқыс шығарылады

Today, 07:37
2 mins read
88
Астана қаласында тәулігіне 100 тонна қоқыс шығарылады

Астана – ел жүрегі ғана емес, тазалығы мен тәртібі үйлескен заманауи мегаполис. Бірақ бұл келбетті күн сайын ұстап тұру үшін көзге көрінбейтін ерен еңбек қажет. Бүгінде қала аумағынан тәулігіне 100 тоннадан астам қоқыс пен жиналған топырақ шығарылады.

Бұл – бір ғана көрсеткіштің өзі-ақ коммуналдық қызметтердің жұмысы жайлы көп нәрсені аңғартады. Жас қаламыздың көрікті келбетін сақтауға септігін тигізіп жүрген – «Астана Тазалық» мамандары десек, артық айтқанымыз емес. 

«Астана Тазалық» серіктестігінің 700-ден астам қызметкері қала тазалығына күндіз-түні үлес қосуда. Қала бойынша барлық негізгі көшелер мен тұрғын аудандарда тазалық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Аялдамалар, тротуарлар мен қоғамдық орындар ерекше назарда. Қала көшелерімен зырлаған техникаларды да күніге көзіміз шалып жүр. Аталмыш техниканың 340-тан астам бірлігі тазалық сақшыларымен бірге қызмет сабында.  

– Көктем – тазалық жұмыстарының ең қызған шағы. Осы мезгілде қаланың әр бұрышын қамтып, тіпті шеткері аймақтар мен жеке секторларға дейін тазалық шараларын жүргізіп жатырмыз. Жұмыс күздің соңына дейін жалғасады. Біздің жұмысшылар күндіз де, түнде де тынымсыз еңбек етуде. Қаланың тазалығына үлес қосып жатқан әр маман – өз ісінің шебері. Бұл – көпшілік байқамайтын, бірақ әр тұрғынның жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін ауыр еңбек, – дейді серіктестіктің өндіріс-техника бөлімі басшысы Ержан Пашанов. 

Осы ретте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен ел көлемінде бастау алған «Жұмысшы мамандықтар жылы» ерекше мәнге ие. Ел экономикасын алға жылжытып, күнделікті тіршілікті қамтамасыз етіп отырған еңбек адамдарының, соның ішінде тазалық қызметкерлерінің үлесі елеулі. 

Санитарлық шаралармен қатар, қала басшылығы тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеруге де көңіл бөліп отыр. Осы мақсатта сенбіліктер мен экобастамалар ұйымдастырылып, жастар мен еріктілерді жұмылдыру жұмыстары жолға қойылған. Бұл – тек тазалық емес, ұрпаққа үлгі болатын тәрбиелік мәні бар іс.

Экономика, саясат және мәдениет туралы ең өзекті жаңалықтар біздің Telegram-арнамызда және Android пен iOS  мобильді қосымшаларымызда.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
06 May
05 May