Медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегіне қатысты туындаған сұрақтарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Қыдырбаев Нұрлан Икрамұлы жауап берді.
1) Нұрлан Икрамұлы, медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі дегеніміз не?
-Кредиторлық берешек – медициналық қызметтер көрсету үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шартқа отырған медициналық ұйымдар бірлесіп орындаушылар арасындағы қордаланған қарызы.
2) Медициналық ұйымдар пайда болған берешекті қанша уақытта өтеуге міндетті?
-Жалпы, кредиторлық берешектің міндеттемелері қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімге бөлінеді. Ұзақ мерзімдегі міндеттемелер – яғни, мерзімі 12 айдан асырып орындалады. Ал, қысқа мерзімді кредиторлық берешекті ағымдағы жылдан бастап 12 айдың көлемінде өтеледі.
Айта кетерлігі, сатып алу шартын жасасқан медициналық ұйымдар кредиторлық берешектің пайда болуына жол бермеу жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге міндетті.
3) Кредиторлық берешек ай сайын өседі ме?
-Осы ретте, талдау жүргізілген болатын. Мысалы, аурухана Бірыңғай дистрибьютордан дәрі-дәрмектің жылдық көлемін алды. Осы кезде медициналық ұйыммен бір реттік есеп айырысудың барлық сомасы болмауына байланысты ішінара төлем жасайды. Нәтижесінде, аурухана бұл қысқа мерзімді кредиторлық берешекті бір жыл ішінде толық төлеп шығады.
4) Кредиторлық берешектің пайда болу себебіне тоқталсақ...
- Медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі пайда болуына бірнеше себептерді келтіруге болады.
Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасымен медицина қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын артып келеді. Оның ішінде, дәрігерлердің – 30%, орта медицина қызметкерлерінің – 20%, өзге медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға көтерілді. 2022 жылы ақ халаттылардың жалақысы 454 мың теңге болса, 2023 жылдың 1 тоқсанында 589,9 мың теңгеге дейін өсті. Ал орта медициналық персоналдың жалақысы – 236 мың теңгеден 283 мың теңгеге дейін, қалған қызметкерлердің жалақысы - 77 мың теңгеден 111 мың теңгеге дейін артты.
Осылайша, еңбекақы төлеу қорына жұмсалған шығыстардың үлесі табыс сомасының 80% құрады. Яғни, басқа шығындарға тек 20% ғана қалады. Ай сайынғы жалақыны төлеу кезінде басқа шығыстар бойынша кредиторлық берешекті өтемеу тәуекелі жоғары болып қалады.
Басқарма төрағасы медициналық ұйымдарды аралау барысында бұл мәселе тұрақты негізде талқыланады. Медициналық ұйымдардың басшылары қаржы дағдарысының алдын алу үшін құрылымды қайта қарап, штатты оңтайландыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Сұранысы аз профильдер бойынша дәрігерлердің қосымша ставкаларын алып тастап, медициналық қызметтердің жекелеген түрлерін бірлесіп орындауға берген. Бұл дәрігердің жеке бірлігін ұстаудан әлдеқайда тиімдірек. Бос ғимараттар мен бөлмелерді жалға беріп, жинақталып қалған дәрі-дәрмектер қорына ревизия жүргізіліп және дәрі-дәрмектерді сатып алу көлемін қайта қаралған. Шығындарды оңтайландыруға бағытталған басқару шешімдері оң нәтижесін берді.
Сонымен қатар, инфляция, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, тамақ өнімдерінің, көлік қызметтерінің, коммуналдық және өзге де қызметтер мен жұмыстардың бағасы өсуіне байланысты тарифті жыл сайын көтеру ескерілмейді. Осыған байланысты Қор ұсыныстар әзірлеп, оны уәкілетті органға берді.
Медициналық ұйымдар негізсіз шығындар жасайды. Оның ішінде, бос және қолданыстағы ғимараттарды күтіп ұстауға жұмсалатын шығындар. Бұл мәселе менеджмент басқару арқылы медициналық ұйым деңгейінде шешілуі керек.
Кейбір медициналық ұйымдар сұраныс болмаса да, қымбат жабдықты немесе бір препараттың бірнеше аналогын сатып алады. Сонымен қатар, берешегі бола тұра қызметкерлеріне ақшалай сыйақыларды негізсіз төлейді. Яғни, Қор тарапынан қаралған қаржыны тиімсіз бөледі.
Халық санының аздығына байланысты шағын елдімекендерде орналасқан медициналық ұйымдардың төсек-орын жүктемесі аз болады. Мұндай кезде бөлінген қаржыны ақтамау мәселесі туындайды.
5)Медициналық ұйымдар қарызды өтеу үшін немесе оны болдырмау үшін қандай шаралар қабылдауы керек?
-Медициналық ұйымдар бірлесіп орындаушылармен кредиторлық берешекті өтеу үшін ағымдағы шығыстарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жоспарлауды қайта қарастырып, оңтайландыруы қажет.
Жергілікті атқарушы органдар жоспарлы шығыстардың негізділігі тұрғысынан медициналық ұйымдардың даму жоспарын қайта қарап, артық шығындарды алып тастауы қажет.
6) Медициналық ұйымдардың қаржылық жағдайын жақсартуға көмектесу үшін қандай жұмыстар жасалып жатыр?
-Қазір Бюджет кодексіне кіретін тегін медициналық көмекті қосымша қамтамасыз ету туралы норма шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегін өтеу мәселесі пысықталып жатыр.
Жалпы, медициналық ұйымдардың кредиторлық берешекті өтеу мәселелері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының құзыретіне кірмейді. Дегенмен, Қор жағдайды жан-жақты қарап, талдау жасайды әрі медициналық ұйымдардың қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2023 жылдың шілдесінде МӘМС жүйесінен қосымша 60 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Қаржы филиалдарға жеткізіліп, медициналық көмекті сатып алу рәсімдерін жасауға медициналық ұйымдар арасында бөлінді.