Казахстанцам ввели новое требование для въезда в Россию

Жетісу облысында соңғы екі тәулікте жол апатынан бес адам қаза тауып, екі адам зардап шекті

02 Oct 2023, 11:30
1 mins read
825
Жетісу облысында соңғы екі тәулікте жол апатынан бес адам қаза тауып, екі адам зардап шекті
ДП области Жетісу

Панфилов ауданында 1 қазанда Алмалы ауылының 1980-1982 жылы туған екі тұрғыны мопедмен электр бағанасына соқтығысып, салдарынан қайтыс болды. Сондай-ақ 2 қазанға қараған түні Талдықорған маңында 1987-1991 жылы туған екі ер адам «Тойота Камри» көлігімен жол жиегіндегі ағашқа соғылып, қаза тапты. Дәл осындай жол-көлік оқиғасы «Фиат Крома» көлігінің қатысуымен Көксу ауданында орын алып, Балпық би-Қаратал тас жолының 2 шақырымында жол-көлік оқиғасы салдарынан 49 жастағы әйел қаза тапты. Ақсу және Көксу аудандарында кәмелетке толмағандар зардап шеккен тағы екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 9 және 16 жастағы мектеп оқушыларын көлік қағып кеткен. Екі жасөспірім де жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
11 October
10 October
09 October