NewsHub.kz - Информационный хаб

Жетісу облысында елік атқан браконьер ұсталды

03 Oct 2023, 14:21
1 mins read
727
Жетісу облысында елік атқан браконьер ұсталды
ДП области Жетісу

Ер адамның көлігінен құқық қорғау органдары екі еліктің тұтас етін тапты. Ұсталған адам жабайы жануарларды атуға қандай да бір рұқсат құжаттарын ұсына алмады. Осыған байланысты ол аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Жануарлардың тұтас еттері тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Факт бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабында (Заңсыз аңшылық) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жыл басынан бері облыста 606 табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталып, тіркелген. Анықталған фактілер бойынша 28 қылмыстық іс қозғалды.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
04 October
03 October
02 October