Как западные санкции повлияют на фондовый рынок Казахстана

Талдықорған қаласындағы қайғылы оқиға туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның ресми мәлімдемесі

06 Jan, 07:25
2 mins read
527
Талдықорған қаласындағы қайғылы оқиға туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның ресми мәлімдемесі

«QazaqGaz Aimaq» АҚ ұжымы 2024 жылғы 31 желтоқсанда Талдықорған қаласында болған газ жарылысынан зардап шеккен отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Таңғы сағат 7: 25-те авариялық-диспетчерлік қызметке төтенше жағдай туралы хабарлама түскеннен кейін, оқиға орнына «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының бригадасы дереу шықты.

Оқиға орнына келгеннен кейін біздің мамандар газ беруді тоқтатып, Жетісу ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті. Үйдің аумағын және оған іргелес аумақты тексеру барысында газ қызметінің қызметкерлері су құбыры мен кәріздің аралас коммуникацияларының құдықтарында газдану белгілерін анықтады. Газдың ағып кету көзін нақтылау үшін жеке орта қысымды жерасты газ құбырының осі бойымен, сондай-ақ «QazaqGaz Aimaq» АҚ пайдаланудағы төмен қысымды жерасты екі газ құбырын бұрғылау тексерісі жүргізілді.

Бұрғылау ұңғымаларынан алынған сынамаларда газдың жоғары концентрациясы анықталып, бұл жерасты газ ағуының бар екенін көрсетті.

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес, газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің мамандары төмен қысымды жерасты газ құбырларының герметикалығын тексерді. Ресми тексерулер нәтижелері бойынша, біз қызмет көрсететін газ желілерінде газ ағуы жоқ және олар қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Талдықорған қаласының және оған жақын орналасқан аудандардың тұрғындарын тергеу нәтижелерінің ресми қорытындысын күтуге шақырады. Біз тұрмыста табиғи газды қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтауға және тек расталған, сенімді ақпарат көздеріне жүгінуге кеңес береміз.

Қосымша ақпаратты «QazaqGaz Aimaq» АҚ ресми сайтынан немесе осы оқиғаны тергеумен айналысатын уәкілетті органдардан алуға болады. Біз өз тарапымыздан тергеумен жан-жақты өзара іс-қимылды жалғастырамыз және болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

06 January
05 January
04 January
03 January